Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Петропавлдағы жайлы мектептердің құрылысын тексерді

СҚО әкімі Петропавлдағы жайлы мектептердің құрылысын тексерді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов білім беру нысандарының құрылыс барысын тексерді. «Орманда» мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Өңір басшысы «Берекедегі» құрылыс алаңында жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Жайлы мектептер – сапалы білімнің кепілі! Заманауи, жайлы мектептердің ашылуы  ұрпаққа негізделген жаңа білім беру ортасын қалыптастырады”, – деп жазды өзінің Telegram арнасында СҚО әкімі.

Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында «Жас өркен» және «Қопай» шағын аудандарында 1,5 мың орындық тағы екі мектептің құрылысы басталады.

Shares