Қазақ күресінен басталған облыстық турнирде 100-ден астам жас палуан күресуде
Қызылжар ауданы Бескөл ауылында 2007-2008, 2010-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен «Жас барыс» облыстық турнирі өтуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Турнирге облыстың барлық аудандарынан спортшылар жиналды. Барлығы 100-ден астам бала қатысады. Олар екі жас тобына бөлінген. Қатысушылар 7 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтайды. 1-2 орын иегерлері облыс намысын қорғауға республикалық деңгейдегі турнирге барады. Күні мен орны қазір анықталып жатыр”, – деді турнирдің бас төрешісі Еркебұлан Құрманов.