Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 2025 жылы 2-ЖЭО жаңа түтін мұржасына ластаушы заттар шығарындыларының мониторинг жүйесі орнатылады

2025 жылы 2-ЖЭО жаңа түтін мұржасына ластаушы заттар шығарындыларының мониторинг жүйесі орнатылады

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ экологиялық және қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударады. Міндеттердің бірі жұмысты цифрландыру арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы процестерді үздіксіз жақсарту болып табылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

2023 жылғы желтоқсанда Петропавл 2-ЖЭО №3 түтін мұржасына атмосфераға шығатын ластаушы заттарды автоматты түрде бақылайтын жүйе орнатылады. Техникалық жабдықтың бұл кешені ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын өлшейді және есепке алады, ақпаратты тіркейді және қажетті жерге береді. Іске қосу процестері 2024 жылдың қаңтарында аяқталды, ал мамыр айынан бастап жүйе пайдалануға берілді.

«Жүйе нақты уақыт режимінде азот оксиді мен диоксидінің, көміртек оксидінің, күкірт диоксидінің, шығатын газдардағы шаңның құрамын бақылауға, ағын жылдамдығын, газ-ауа қоспасының көлемін, температурасын, оттегінің құрамын, қысымы мен салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге мүмкіндік береді», – деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Николай Максимов.

Жүйе әрбір 20 минут сайын орташаланған деректерді қалыптастырады және оларды нақты уақыт режимінде «Қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық деректер банкі» және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ ақпараттық жүйесіне береді. Мұрағатталған ақпаратты сақтау мерзімі – кемінде 5 жыл.

2025 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ № 1 жаңа түтін мұржасына ұқсас жүйе орнатады, сондай-ақ АБЖ ластаушы заттардың төгінділерін бақылау үшін Есіл өзеніне су жіберетін тұсқа орнатылатын болады.

Shares