Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық студент аса ірі көлемде мефедрон сатқаны үшін күдіктелуде

Петропавлдық студент аса ірі көлемде мефедрон сатқаны үшін күдіктелуде

Полицейлер өткен жылдан бастап пышақтау қылмысы үшін бостандығы шектелген Петропавл қаласының 18 жастағы студентін ұстады, одан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Полицейлер күдіктіні Интернационал көшесі бойында ұстаған кезде 1 грамм ұнтақ тәрізді зат тәркіленді. Жас жігіттің тұрғылықты жерінен тағы 40-тан астам зиянды зат, электронды таразы, темекі шегуге арналған құрал табылып, толық көлемде тәркіленді.  Петропавл қаласы сот сараптамасы институтының жанындағы жаңа зертханада жүргізілген сараптама бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 46 грамм «мефедрон» – синтетикалық есірткі екені атап көрсетілді.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, күдікті 6 қазанда есірткі тарату бойынша интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істей бастаған, алайда 8 күннен кейін ұсталғандықтан табыс табуға үлгермеді. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деп хабарлайды СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Shares