Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университетінің оқытушылары ҚХР-дың ірі зауытында болды

Қозыбаев университетінің оқытушылары ҚХР-дың ірі зауытында болды

«Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушылары ҚХР-дағы Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Ол агроөнеркәсіп секторындағы білімді тереңдетуге және тәжірибе алмасуға бағытталған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Тағылымдама аясында СҚО оқытушылары Фупин қаласындағы «SHENGTANG DAIRY COMPANY» зауытында болды. Бұл ешкі сүтін өндіретін және өңдейтін аса ірі кәсіпорын.

Зауытта 100 мыңнан астам ешкі ұсталып, күн сайын 300 тонна сүт өндіріледі. Одан тек тамақ өнімдері ғана емес, косметика, тіс пастасы және т.б. дайындалады.

Shares