СҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері «ақылды» манекенде түрлі клиникалық жайттарды талдауда
Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығына қызметкерлерді оқыту үшін сонау Оңтүстік Корея елінде өндірілген роботты манекен жеткізілді. Құны – 46 млн теңге. Мұндай дүние еліміздегі бірде-бір бейінді орталықта жоқ. Тіпті баламасы да кездеспейді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Бұл манекен жедел жәрдем қызметкерлеріне жүрек-өкпе реанимациясының сапасын жақсартуды жалғастыруға, шұғыл және кешіктірілмейтін медициналық көмек көрсету кезінде ойлау қабілетін кеңейтуге, клиникалық жағдайларды талдауға, өз білімдері мен дағдыларын тексеруге, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысуға дайындалуға мүмкіндік береді», – делінген жедел медициналық жәрдем орталығының Instagram желісіндегі жазбасында.
Манекен өмірлік маңызды функцияларды имитациялайды, сондықтан ЭКГ, дефибрилляция және жүректі ынталандыру, жүрек-өкпе реанимациясының параметрлерін мониторингілеу, сүйек ішіне кіруді, плевральді пункцияны және тағы басқаларды дайындау үшін қолайлы.