Солтүстік Қазақстан облысында үш табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2023 жылға арналған тарифтік сметаның орындалуы туралы есептерді талдау нәтижелері бойынша «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС, «Қызылжар ТҮКШ» ЖШС және «Александровское» ЖШС-нің тарифтік сметаларды орындамай, заңды бұзғанын анықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Осыған байланысты аталған табиғи монополиялар субъектілері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Осы баптың санкцияларына сәйкес әкімшілік айыппұлдар: «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС және «Қызылжар ТҮКШ» ЖШС-не жеңілдетілген тәртіпте – 516 880 теңге, «Александровское» ЖШС-не – 1 033 760 теңгені құрады», – деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде.