Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімінің орынбасары кәсіпкерлермен Конституция көшесін абаттандыру мәселесін талқылады

СҚО әкімінің орынбасары кәсіпкерлермен Конституция көшесін абаттандыру мәселесін талқылады

Петропавл бизнес-қоғамдастығының шақыруымен СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қала кәсіпкерлерімен кездесті. Жиында қатысушылар абаттандыру тек қалалық ортаға ғана емес, бизнестің дамуына да қалай әсер ететінін талқылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Қазір урбанистермен бірге әкімшілік ғимараттар мен бизнес нысандары шоғырланған Петропавлдың басты артериясы — Конституция көшесін абаттандыру жоспарымен жұмыс істеп жатырмыз. Осы қарбалас көше бойында ойластырылған және инклюзивті орта құру қаланың өмірі мен экономикасына оң әсер етеді”,- деп жазды Жүсіп Жұмағұлов Facebook желісіндегі өзінің парақшасында.

Облыс әкімінің түйіндеуінше, кері байланысты тыңдау, жаңа идеялармен алмасу және өздері сияқты аймақты дамытуға ұмтылатын кәсіпкерлермен тұжырымдаманы талқылау маңызды және құнды болған.

Shares