Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда еріктілер мен полицейлер мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы баяндады

Петропавлда еріктілер мен полицейлер мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы баяндады

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ белсенділері М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінің оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда жасөспірімдер арасында есірткі және улы заттарды пайдаланудың алдын алу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысты. Жоғары сынып оқушыларының алдында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Зарина Папова сөз сөйледі.

«Кездесуге 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара бейресми түрде өтті, балалар белсенділік танытып,  сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Біздің Орталық нашақорлықтың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізеді Бұл бағытта мектеп оқушыларымен көп жұмыс атқарамыз. Тиімді жұмыс істеу үшін біз полиция департаментімен бірлесе жұмыс істейміз», – дейді Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Анастасия Волкова.

Shares