Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет

Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет

Былтырдан бері елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілуде. Небәрі бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгеріс жасалды. Оған барша қазақстандық куә болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Президент өз Жолдауында атап өткендей, қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті

Осының нәтижесінде елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыру жалғасады. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды. Президент Жолдауында көтерілген бұл бастамалар Солтүстік Қазақстан жұртшылығын шабыттандырды.

«Мемлекет басшысының жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым. Қоғамымызды демократияландыру үдерісі жалғасатыны ерекше көңілден шықты. Ел Президенті айтқандай, біз күшті Президенттік республика үлгісіне көштік. Және демократиялық қайта құрулар үдерісі одан әрі жалғасады, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы артады. Сонымен қатар, мен президенттің билікті одан әрі орталықсыздандыру, мәселелер бойынша шешімдер үкіметтен министрліктер мен аймақтарға берілетіні туралы айтқандарына назар аудардым. Аудан әкімдері енді бюджетті дербес қалыптастыра алады. Осының барлығы қоғамымызды демократияландыруды күшейтеді», – деді облыстық мәслихаттың депутаты Евгений Кинцель.

 

 

 

Shares