Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда құтқарушылар сәбидің саусағын пластик ваннадан шығаруға көмектесті

Петропавлда құтқарушылар сәбидің саусағын пластик ваннадан шығаруға көмектесті

Облыс орталығында бес жасар балаға Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келді. Баланың саусағы пластикалық ваннаға кептеліп қалған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Анасы баласының саусағын ваннадан шығара алмаған соң құтқару қызметіне хабарласқан. Құтқарушылар жедел жеткенше баланың саусағы ісіп кетпес үшін алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндірген. Келген соң бірден арнайы құралдың көмегімен ваннаны кесіп баланың саусағын босатқан», – делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Бала медициналық көмекке мұқтаж болмады.

 

Shares