Петропавлда «Үміт» спорт клубының би бөлімшесі жабылып калды
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» клубы жанынан жұмыс істеп келгенспорттық бал биі секциясы биыл қатысушылардың аздығына байланысты жабылып қалды. Аталған үйірмеге қатысып келгендердің тағдырына бей-жай қарай алмайтын шаһартұрғыны «AMANAT» партиясы СҚОФ филиалының қоғамдық қабылдауына жүгінді.
23 жасар Мира Әбитова 2-ші топтағы мүгедек. Ол соңғы жылдары №13 мектепте би өнерімен шұғылданып келген. Бұл оған үлкен қуаныш сыйлап, дамуына айтарлықтайықпал еткен. Алайда, аталған секцияның жабылуына басқа да себептер болуы мүмкін. Облыстық мәслихат депутаты Владимир Эрманның айтуына қарағанда, арбадаорындалатын спорттық бал биі спортқа емес, мәдениет саласына жатады.
«Бұл секцияда шын мәнінде екі жұп қана шұғылданып келді. Алайда «Үміт» спорт клубы спорт басқармасына қарағандықтан спорттық бал биі бағыты енді бұл жерде болмайды. Сондай-ақ клубта би жаттықтырушысы жұмыс істей алмайды, өйткені ол мәдениетсаласына жатады. Егер мәдениет басқармасы немесе қалалық мәдениет бөлімі бұлсекцияны өз қамқорлығына алса бұл мәселені шешуге мүмкіндік бар», – деді Владимир Эрман.
Енді бұл мәселені аманаттықтар қолға алды. Аталған проблеманың шешудің бірден біржолы – қалалық әкімдікке жүгіну. Партия өкілдерінің пікірінше, әкімдік тез арада бұлмәселені шешіп, би үйірмесіне орын табуға көмектесе алады.
«Қала әкімімен, әкімнің орынбасарымен сөйлесіп, ақылдасамыз. Арнайы жабдықтар мен арбалар бар, енді тек орын табу қажет. Қала әкімдігінде мәдениет пен спорт бір бөлімгебіріктірілген бұл мәселені тез арада шешуге болады. Біз аталған проблеманы назардаұстайтын боламыз», – деді «AMANAT» партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы ЖеңісАсанов.
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдаубарысында партия өкілдері мен мемлекеттік органдарға 4 адам жүгінді. Олар 2-ші топтағымүгедектер үшін жұмыс уақытын қысқарту, мүгедектікті беру процесін жеделдету жәнегигиена құралдарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек сұрады.