21 қараша – Дүниежүзілік телевидение күні
Дүниежүзілік телевидения күні жыл сайын 21 қарашада атап өтіледі. 1996 жылыжелтоқсанда оны БҰҰ жариялады. Бас Ассамблея телевизияны ақпараттың ең үлкен көзіжәне қоғамға әсер ету құралы деп таныды, Әлемдік және отандық телевидение туралытолығырақ QZ медиа тілшісі баяндайды.
«Кино да, театр да, кітап та жоқ – тек таза телевидение», – «Москва слезам не верит» фильміндегі әйгілі сөз тіркесі бәріне таныс. Ал бүгінде интернет-платформалар танымалбола бастағанда, телевизия дамудың жаңа кезеңін бастан кешіруде. Дегенмен, дәстүрлітелеарналар көрерменге сан алуан бағдарламалар ұсынып, маңыздылығын сақтап келеді.
«Интернеттің ақпарат пен ойын-сауық көзі ретінде, әсіресе жастар арасында танымалдығы артып келе жатқанына қарамастан, телевизия әлі де ең үлкен мазмұн көзі болып табылады және бүкіл әлемде үйде теледидары бар адамдардың саны өсуде. Заманауи теледидарлар мультимедиялық және интерактивті контенттің кең ауқымын ұсынады, мысалы, бейне, музыка, Интернет парақшалары», – БҰҰ мұрағатынан үзінді.
1958 жылы 8 наурызда Қазақ телевизиясы құрылды. Алғаш рет Алматыдан хабар тарата бастады. Бірнеше жылдан кейін Петропавлда телестудия ашылды. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің өзекті жаңалықтарын үш жергілікті телеарна ұсынады: «Qyzyljar», МТРК, «Первый Северный».
Осыдан 60 жылдан астам уақыт бұрын облыстық ең көне телеарна «Qyzyljar», өз жұмысын бастады. 1960 жылдың 1 маусымында – телемұнара мен орталық ғимараты салынғаннан кейін – телестудияның алғашқы хабары эфирге шықты.
«1972 жылы алғашқы мобильді теледидар станциясы орнатылды, содан бері көрермендер көптеген маңызды оқиғаларды тікелей эфирде тамашалай алды. 80-жылдардың басында телеарна түрлі түсті суреттерге көшті. Петропавлдық хабарлар Қазтелерадионың хабар тарату жоспарына енгізіліп, республика бойынша таратыла бастады», – «Qyzyljar» телеарнасының мұрағатынан үзінді.
Қазір телеарна уақыт талабына сай дамып, өркендеп келеді. «Qyzyljar» көрерменнің көңілінен шыққан жобаларын сәтті жалғастырып, жаңа жобаларын ашуда. 1988 жылы МТРК құрылды. Осы уақытта «Жаңалықтар» бағдарламасы эфирге жол тартты.
«Рейтинг бойынша 1999 жылдың басында «Новости» бағдарламасы облыстықбағдарламалар арасында екінші орынға ие болды. «Новости» мен «Жаңалықтар» – эфирдегі кәсіби жұмыс, бұл ақпараттың максималдылығы, жеткізудің жеделдігі және хабардың объективтілігі. Жұмысымызда біз заманауи техникалық құралдарды пайдаланамыз», – ақпарат МТРК телеарнасының мұрағатынан алынды.
Арнаның ресми сайттарының ақпаратына сәйкес, оның «ерекшелігі – дамып,алға жылжуы». Тағы бір арна – «Первый Северный». Оның бағдарламалары республикалық телеарналарда да көрсетіледі.
«Первый Северный» телеарнасы – қызметкерлері Еуропада, «Азаттық» радиосы сияқты жетекші халықаралық компанияларда тағылымдамадан өтіп жатқан аймақтағы жалғыз БАҚ. Телекомпанияның серіктестері қатарында республикалық 31 арна, ratel.kz аналитикалық интернет-порталы, 365.info.kz ақпараттық агенттігі де бар. Бұл телеарнада бірнеше жылдан бері БАҚ корпунктері істеп келеді», – «Первый Северный» телеарнасымұрағатынан үзінді.
Арна контент жасау кезінде көп жылғы ынтымақтастық тәжірибесін қолданады. Телекомпания жаңа технологияларды енгізуде. Журналистиканың жаңа бағыттарыбелсенді дамып келеді: мобильді медиа журналистика және әлеуметтік желілерге арналғанарнайы шығарылымдар. Дүниежүзілік телевидение күні теледидардың маңыздылығын, дамуын және біртіндеп өзгеруін тағы да еске салады.
Автор: Полина Чуряк