Миллиондаған шығын: Солтүстік Қазақстанда жылу беру маусымы басталғалы 55 өрт оқиғасы тіркелді
СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин өңірдегі өртке қатысты жедел жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жыл басынан бері облыста 376 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 29 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды, көмірқышқыл газынан уланудан 5 адам мерт болды, 21 адам жарақат алды. Өрттердің ең көп саны жеке тұрғын үй секторында орын алады.
«Өрттің негізгі себептері: электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, отқа абайсыз қарау. Жыл басынан бері департамент қызметкерлері 75 365 тұрғын үйге тексеру жүргізді. Іс-шара барысында 184 мыңнан астам адам қамтылды», — деді Дмитрий Растихин.