Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да өңірдің 10 айдағы дамуы қорытындыланды

СҚО-да өңірдің 10 айдағы дамуы қорытындыланды

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2024 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. СҚО Экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов облыстың әр саладағы жетістіктері туралы баяндады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«2024 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімі 793,9 млрд теңгені құрады. Өткен кезеңде 548,5 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Облыста негізгі капиталға 9,4 пайызға өсіммен 370,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында жалпы ауданы 187 031 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Бөлшек саудада 330,4 млрд теңгенің тауары сатылды», – деді СҚО Экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов.

Shares