Ерден Шортыбаев СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды
November 25, 2024 15:30

СҚО әкімінің өкімімен Ерден Ерболатұлы Шортыбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Осы тағайындауға дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болды. Ерден Шортыбаев – өңірлік кадр резервінің өкілі.
