Петропавлда сотталғандар “SandBox” әзірлейді
СҚО бойынша ҚАЖД “№48 мекемесінің” сотталғандары құммен сурет салуға арналған “SandBox” жарық үстелін дайындады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“Жақында біздің психолог арт-терапияның әртүрлі түрлері туралы айтып берді. Бізді әсіресе құмды арт-терапия қызықтырды, бірақ оны жүргізу үшін арнайы жарықтандырылған үстел қажет. Ұзақ ойланбастан, біз оны өзіміз жасауды шештік, қолымызда барлық қажетті материалдар болды. Алғашқы терапия сеансы көптеген адамдарға ұнады. Жеке өзім зейіннің, қабылдаудың және жанасу сезімінің тоғысқанын байқадым. Бұл қолдың ұсақ моторикасына тамаша жаттығу және шығармашылық әлеуетті дамыту мүмкіндігі”, – деп ойын білдірді сотталғандардың бірі.
Сурет салу саусақтармен тікелей құмда жүреді, бұл сенсорлық сезімдердің дамуына, эмоционалды күйзелісті жеңілдетуге, релаксация дағдыларын игеруге, ішкі күй мен фондық көңіл-күйді үйлестіруге ықпал етеді.
“Құмды арт-терапия таңқаларлық дүние, себебі ол құмды және құммен салу техникасын психокоррекциялық көмекші жұмыс ретінде қолдануды ұсынады. Түзеу мекемесінде құммен сурет салу өнері сотталғандарға танымдық процестерді дамытуға, есте сақтау қабілетін, қозғалыс пластикасын, мидың екі жарты жақтарының жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар стресспен күресудің тиімді әдісі болып табылады, эмоционалды жағдайды үйлестіреді және өзін – өзі реттеу дағдыларын қалыптастырады”,-дейді аға инспектор-психолог Юлия Зель.