Петропавлда су реттегішіне айналатын арна салынады
Көктемгі тасқындар кезінде су жинақталуы гидротехникалық құрылыстар орналасқан жерлерде болады, бұл қаладағы жеке шағынаудандардың су басуына әкеледі. Су өткізгіштігін арттыру мақсатында қала әкімдігі гидроқұрылысты айнала арна салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды QZ News.
«Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, геодезиялық түсірілімдер мен өлшеулер жүргізілуде, сондай-ақ арналар тазартылуда. ЖСҚ әзірленгеннен кейін каналдың Есіл өзеніне қосылуын салу басталады», – деп жазды облыс орталығының әкімі.