Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 24 ақпаннан бастап Масленица апталығы басталды

24 ақпаннан бастап Масленица апталығы басталды

24 ақпаннан бастап Масленица апталығы тойлануда. Дәстүр бойынша Масленица дүйсенбіден жексенбіге дейін атап өтіледі. Оның нақты күні әр жылы өзгеріп отырады және Пасха мерекесінің қай күнге түсетініне байланысты болады, деп хабарлайды QZ News.

Масленица – өте көне мереке, оның нақты шыққан уақытын анықтау қиын. Бұл мейрам христиандық Руське келмей тұрып та тойланған.

Көпшілік Масленица көктемгі күн мен түннің теңелуімен байланысты деп санайды. Бұл күн 22 наурызға немесе оған жақын күндерге сәйкес келген. Сондай-ақ, дәл осы кезеңде славян күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталған.

Шіркеу XVIII ғасырда Масленицаны православ мәдениетінің бір бөлігі ретінде мойындады. Шіркеулік күнтізбеде бұл апта Сырная седмица деп аталады және Ұлы оразаға дайындық кезеңі болып саналады.

Масленица күндерінің мағынасы

Дүйсенбі – Кездесу. Бұл күні мейрамға дайындық басталды. Жұрт бір-біріне қонаққа барып, алдағы мерекені ұйымдастыру жайын талқылады. Алғашқы күйдірілген құймақ (блин) кедейлерге беріліп, марқұмдарды еске алу рәсімі өткізілді.

Сейсенбі – Ойын-сауық. Бұл күні жастар жұбай таңдауға кірісті. Жігіттер қыздарды қарастырып, егер ұнағаны болса, жар таңдауға кіріскен.

Сәрсенбі – Дәм ауыз тию. Күйеу баласы қайын жұртына қонаққа барып, қайын енесі дастарқан жайған.

Бейсенбі – Қуаныш. Аптаның алғашқы үш күні «тар Масленица» деп аталып, үй шаруасы аяқталатын. Ал бейсенбіден бастап «кең Масленица» басталып, жаппай мерекелік серуендер ұйымдастырылған.

Жұма – Қайын енемен шай. Бұл күні қайын жұрты күйеу баласына қонаққа келіп, оларға мол дастарқан жаю дәстүрге айналған.

Сенбі – Абысындар жиналатын күн. Жексенбі күні әйелдер жеңгелеріне немесе қайын сіңлілеріне қонаққа барып, отбасылық кездесулер өткізген.

Жексенбі – Кешірім сұрау күні. Бұл күні адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, Ұлы оразаға таза көңілмен кіруге тырысқан. Сондай-ақ, жексенбі күні моншаға барып, денені тазарту дәстүрі болған. Кешкісін қыс пен қоштасу рәсімі өткізіліп, қолдан жасалған қуыршақ өртелген.

Масленицаға қатысты ырым-тыйымдар

  • Апта бойы ауа райы ашық болса, көктем ерте келіп, жаз ыстық болады.
  • Неғұрлым көп құймақ пісірілсе, соғұрлым үйге береке мен жылулық келеді.
  • Қайырымдылық жасау – көктемді мейірімді әрі молшылыққа толы етеді.
  • Бірінші құймақтың түріне қарап, көктемнің қандай болатынын болжауға болады:
  • Егер ол дөңгелек, әдемі болса – сәттілік пен жылылық күтіп тұр;
  • Егер ол қисық, жыртық болса – қиындықтар болуы мүмкін.

Масленица қуыршағы өртеніп жатқанда оған көз салу керек, әйтпесе сәтсіздікке ұшырау мүмкін.

Shares