Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» вокалдық байқауының 4-маусымы басталды

Петропавлда «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» вокалдық байқауының 4-маусымы басталды

Облыс орталығында «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» атты байқаудың 4-маусымының басталғаны жарияланды. Жобаға қалай қатысуға болатыны туралы ақпарат облыс әкімдігінің парақшасында жарияланды, деп хабарлайды QZ News.

Байқауға қатысу үшін әскери тақырыптағы – Жеңіс, бейбітшілік, Отан немесе Отан қорғаушылар туралы ән орындап, бейнежазба түсіру қажет.

Әрі қарай, видеоны келесі нөмірлердің біріне жіберу керек:
+7 776 271 63 89;
+7 708 347 52 62.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

1-кезең (іріктеу) – қазылар алқасы бейнежазбаларды бағалап, үздіктерді таңдайды.

2-кезең (ақтық сын) – 25 сәуір күні сағат 11:00-де – тікелей/live өнер көрсету!

3-кезең (гала-концерт) – 9 мамыр күні алаңда өтетін жеңімпаздардың міндетті түрде қатысатын қорытынды концерті және марапаттау рәсімі!

Өтінімдер 21 сәуірге дейін қабылданады. Барлық толық ақпаратты (жас ерекшеліктері, сахналық образ, ереже) келесі байланыс нөмірлеріне хабарласып алуға болады:
+7 776 271 63 89;
+7 708 347 52 62.

Shares