Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ҚР-дағы ең ірі партия: СҚО-да 15 тоннадан астам заңсыз өндірілген шаян тәркіленді

ҚР-дағы ең ірі партия: СҚО-да 15 тоннадан астам заңсыз өндірілген шаян тәркіленді

Artemia salina – Солтүстік Қазақстан облысының көлдері бай құнды табиғи ресурс. СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, СҚО Прокуратурасының үйлестіруімен Мамлют ауданында рұқсат беретін құжаттарсыз шаян тәрізділерді өндіруді ұйымдастырған солтүстікқазақстандықтардың тобын анықтап, құрықтады. Бұл – шаян тәрізділерді заңсыз өндіру күдігі бойынша ҚР-дағы ең ірі партия, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жазда тіркелген кәсіпорын аумағында және күдіктілердің бірінің жеке ауласында барлығы 15 тоннадан астам, оның ішінде 12 тоннадан астам қайта өңделген шаян тәркіленді. Ұстауға “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері және арнайы жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты. Сондай — ақ күдіктілердің бірінен 7,62 калибрлі мылтық қаруына арналған 6 патрон, екіншісінен дыбыс азайтқышы бар “ПМ” тапаншасы және оған арналған 4 патрон тәркіленді.

“Заңсыз өндіру фактісі “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу” ҚР Қылмыстық кодексінің 335 — бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық мән-жайларды жан-жақты және объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Залалдың алдын ала сомасы шамамен 150 млн теңгені құрайды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлайды СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов.

Shares