Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мамлют тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан 4 адам, оның ішінде бір бала мерт болды

Мамлют тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан 4 адам, оның ішінде бір бала мерт болды

5 маусым күні Петропавлдағы Мамлют тас жолында «Mercedes» және «ГАЗель» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан 4 адам, оның ішінде 1 бала қаза тауып, тағы екі адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды QZ News.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді СҚО Полиция департаменті.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 32 және 39 жастағы екі азамат көпсалалы қалалық ауруханада жатыр – біреуі жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда, екіншісі де ауыр халде жарақат бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Shares