СҚО-да «AMANAT» партиясы атынан аудан әкімі сайлауына алғашқы кандидаттар тіркелді
Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары әкім лауазымына «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидаттарды тіркеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«AMANAT» партиясының Есіл аудандық филиалынан үміткер ретінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Мереке Мұхамедьяров, Мамлют филиалынан Леденёво ауылдық округінің әкімі Абзал Исманов, Тимирязев филиалынан аудан әкімі Ерлан Жаровтың кандидатурасы тіркелді.
Аудан әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы Қазақстанда 5 қарашада өтеді. Сайлау 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалада өтеді. Солтүстік Қазақстан облысында қанатқақты режимде Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының әкімдері сайланады. Сайлау алдындағы үгіт 10 қазан сағат 18.00-ден басталып, 4 қараша сағат 00.00-ге дейін жалғасады.