Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ТЖМ қызметкерлері есігі құлыпталып қалған пәтерлердегі адамдарды құтқарды

Петропавлда ТЖМ қызметкерлері есігі құлыпталып қалған пәтерлердегі адамдарды құтқарды

Петропавл қаласында құтқарушылар есігі кептеліп қалған пәтерде қалған балаға көмекке келді. Оқиға Интернационал көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алды, деп хабарлайды QZ NEWS.

11 жастағы бала атасының үйінде қонақта болған. Алайда атасы дүкенге шығып кеткен сәтте пәтердің есігі кенеттен кептеліп қалып, бала сыртқа шыға алмай қалған.

Оқиға орнына шұғыл түрде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жетті. Олар альпинистік құралдарды пайдаланып, төртінші қабаттан үшінші қабаттағы пәтердің терезесіне түсіп, ішке кіріп, есікті іштен ашып, баланы аман-есен шығарды.

Сондай-ақ құтқарушылар Қазақстан Конституциясы көшесіндегі тағы бір пәтерге барып, отбасыға көмектесті. Балалары мен әйелі үйде болған кезде, әкесі дүкенге шығып кеткен. Сол сәтте пәтердің есігі бұзылып, ішіндегі адамдар сыртқа шыға алмай қалды.

Оқиға орнына дереу келген ТЖМ қызметкерлері арнайы құралдармен есікті ашып берді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

Shares