Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы өтуде

СҚО-да қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы өтуде

Солтүстік Қазақстан облысындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында Қарттар мен мүгедектер күнін мерекелеу аясында аға ұрпаққа құрмет көрсетуге бағытталған мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қарттар күніне орай Мамлют мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы «Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мен «Надежда» Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» өкілдеріне қайырымдылық концертін қойды.

Жарияланған қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында қазан айы бойы мекемелерде мерекеге арналған ойын-сауық, спорттық, тақырыптық шаралар жалғасын тауып, ашық есік күндері ұйымдастырылады.

 

 

Shares