Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сәтжан Аблалиев Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі лауазымына тағайындалды

Сәтжан Аблалиев Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Аблалиев Сәтжан Әйтенұлы Көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы Орталық инженерлік-техникалық қызметінің операторы болып бастаған.

1996 жылдан 2004 жылға дейін Қазақ көлік және коммуникация академиясында жұмыс істеді. Көптеген жылдар бойы Көлік және коммуникация; Инвестициялар және даму; Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің құрылымында қызмет атқарды.

Тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

 

 

Shares