Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі: «Бүгінде газ бойынша мәселе жоқ»

СҚО әкімі: «Бүгінде газ бойынша мәселе жоқ»

December 5, 2025 14:48

Астанада өткен ОКҚ брифингінде Ғауез Нұрмұхамбетов журналистің өңірде сұйытылған газ тапшылығы бар-жоғы туралы сұрағына жауап берді. Әкімнің айтуынша, жылыту маусымы мен орақ науқанында сұйытылған газ белсенді қолданылады және бұрын тапшылық байқалған , деп хабарлайды QZ NEWS.

«Бірақ соған қарамастан, бүгінде газ тапшылығы жоқ. Біз айына 4900 тонна көлемінде сұйытылған газды бұрынғыдай алып отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс қазір тұрақталды. Айта кетейін, облыста 19 газбен жабдықтаушы ұйым және газ құю станциялары бар 122 ұйым жұмыс істейді. Бұл жағынан да тапшылық жоқ. Сондықтан бүгін газ бойынша ешқандай мәселе жоқ», – деді СҚО әкімі.

Shares