Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласында «Ассамблея жастарының» үздік белсенділері марапатталды

Петропавл қаласында «Ассамблея жастарының» үздік белсенділері марапатталды

December 12, 2025 19:03

Qyzyljar creative center алаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік өкілдігінің қорытынды форумы өтті. Өңірдің белсенді жастарын бір арнаға тоғыстырған бұл форум 2024–2025 жылдардағы атқарылған жұмыстың қорытындысын шығаруға арналды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Құрамында 200-ден астам адамды — мектеп оқушыларын, студенттерді және 35 жасқа дейінгі өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды біріктіретін СҚО бойынша «Ассамблея жастары» өңірлік өкілдігі этносаралық келісімді нығайту мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

СҚО бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ жетекшісі Дариға Сммайылованың айтуынша, ассамблея белсенділері «Таза Қазақстан», «30 игі іс» секілді жобаларға, сондай-ақ түрлі флешмобтарға және басқа да бастамаларға қатысып жүр.

«Биылғы жыл біз үшін ерекше, мерейтойлық жыл болды. Осы мерейтой аясында ҚХА жастары тарапынан мәдени-ағартушылық жобалар мен еріктілік қызметті қоса алғанда, ауқымды жұмыстар атқарылды», – деді Дариға Смайылова.

Форумның басты мақсаты – ең белсенді қатысушыларды атап өтіп, марапаттау болды. Тимур Жұмырбаевтың атынан алғыс хаттар табысталып, өңірлік өкілдік тағайындаған 8 номинация бойынша үздіктер анықталды. Атап айтқанда, «Жыл белсендісі» аталымында Әли Аманбаев жеңіске жетсе, «Жылдың үміті» – Кристина Боровик, «Жастар үні» – Дильназ Әубәкірова, «Қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін» – Дильназ Елемесова, «Ең креативті жас» – Әмір Дүйсембай, «Ең шабыттандырушы жас» – Виктория Курышева, «Үздік ерікті» – Ринат Хайбуллин және «Жыл жаңалығы» аталымында Аделина Ақмағамбетова жеңімпаз атанды.

Барлық жеңімпаздарға мүсіншелер, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

Дариға Смайылованың айтуынша, форумды ұйымдастыруға жүргізушілерден бастап концерттік нөмірлерді орындаушыларға дейін «Ассамблея жастарының» өз белсенділері толықтай атсалысқан. Бұл қорытынды форум қатарынан екінші рет өткізіліп, жастар бірлестігі үшін дәстүрге айналып келеді.

Shares