Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University-дің бес ғалымы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Kozybayev University-дің бес ғалымы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

December 30, 2025 09:09

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында берілетін халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлерін жариялады. Ел бойынша іріктелген 182 үздік зерттеушінің қатарына М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бес өкілі енді. Бұл туралы QZ News тілшісі хабарлайды.

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, байқаудағы жеңіс солтүстікқазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Стипендиаттар қатарында тәжірибелі кафедра меңгерушілерімен бірге ғылымның түрлі салаларын — экология мен физикадан бастап агрономия мен педагогикаға дейін — қамтитын жас PhD докторлары да бар.

Kozybayev University атынан «Болашақ» стипендиясының иегерлері:

Бану Доскенова — «География және экология» кафедрасының меңгерушісі (биология ғылымдарының кандидаты);
Ерназ Ермеков — ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі ректордың көмекшісі (PhD докторы);
Асқар Тәджігітов — «Математика және физика» кафедрасының меңгерушісі (физика-математика ғылымдарының кандидаты);
Күлбаршын Ибраева — «Бастауыш, мектепке дейінгі және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы (филология ғылымдарының кандидаты);
Алдияр Бәкіров — «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушысы (магистр).

Әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту оқытушылардың біліктілігін арттырып қана қоймай, университеттің білім беру үдерісіне халықаралық стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді.

Shares