Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстан халқы 20,4 млн адамнан асты: СҚО қай орында?

Қазақстан халқы 20,4 млн адамнан асты: СҚО қай орында?

January 5, 2026 12:38

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда қанша адам тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды QZ NEWS Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамға жетті. Жыл басында елде 20 283 399 адам тұрған. 2025 жылдың басынан бергі жалпы халық өсімі 195 480 адамнан асты.

Ең тығыз қоныстанған өңірлер:
Алматы қаласы – 2 345 012 адам;
Түркістан облысы – 2 148 168 адам;
Астана қаласы – 1 630 640 адам;
Алматы облысы – 1 592 652 адам.

Халқы бір миллионнан асатын өңірлер:
Шымкент қаласы – 1 291 011 адам;
Жамбыл облысы – 1 215 892 адам;
Қарағанды облысы – 1 131 438 адам.

Сонымен қатар Қазақстанда халқы аз өңірлер мен қалалар да бар:
Ұлытау облысы – 219 200 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам;
Абай облысы – 596 000 адам.

Бұған қоса, қазақстандықтардың басым бөлігі әлі де қалаларда тұрады – 13 013 064 адам. Ауылдық жерлерде 7 465 815 тұрғын бар.

Shares