Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Береке шағын ауданындағы тауарлардың құнын тексерді
January 5, 2026 10:32

Петропавл қаласындағы әлеуметтік маңызды тауарларға баға мониторингі мереке күндері де жалғасуда. Қала әкімінің орынбасары Марлен Сәндібеков 4 қаңтарда Береке шағын ауданындағы «Северный» дүкеніндегі бағаларды тексерді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Мониторинг барысында негізгі азық-түліктердің бөлшек бағасы рұқсат етілген шекте болып, белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды.
Қала әкімдігінің айтуынша, бағаны бақылау және әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысы үздіксіз жалғасуда.
