Қазақстанда қара шайдың бірнеше маркасын сатуға тыйым салынды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері танымал қара шай түрлерін елге әкелуге және сатуға уақытша тыйым салды. Сараптама барысында өнім құрамынан тыйым салынған бояғыштар мен жалған өндіріс мекенжайлары анықталғанын QZ News тілшісі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, тексеру кезінде бірқатар өндірушілер шайға синтетикалық бояғыштар қосқаны белгілі болды. Атап айтқанда, Е110 (сары «Күн батар шағы»), Е102 (тартразин) және Е124 (понсо 4R) бояғыштары қолданылған. Бұл қоспаларды шай өнімдерінде пайдалануға қатаң түрде тыйым салынған. Сонымен қатар қаптамаларда шайды қаптайтын цехтардың шындыққа жанаспайтын мекенжайлары көрсетілген.
Тыйым салынған маркалар тізімі:
«Апамның шәйі Premium gold»
«Al-Hayat Gold» (әртүрлі өндірушілер)
«БАЛҚИЯ Premium Gold»
«Sultan Suleyman»
«Pakistan tea»
«Aje Onim»
«Al-Jannat Premium»
«Alfarah» (өндіруші көрсетілмеген)
