«AMANAT» партиясының мүшелері Мамлют ауданында тұратын тұрғынға қар тазалау мен отын дайындауға көмектесті

Мамлют ауданында «Таза бейсенбі» акциясы аясында «AMANAT» партиясының өкілдері жалғыз тұратын қарт әйелге атаулы көмек көрсетті. Партия мүшелері ауланы қардан тазалап, отынды үйге кіргізіп берді, сондай-ақ тұрғын үйдің ішіне тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – жасы мен денсаулығына байланысты ауылдағы қыстың ауыр тұрмысын өз бетінше еңсере алмайтын қарт адамдарға жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайын жасау.
«Біз үшін партиялық бастамалардың нақты мазмұнға ие болғаны маңызды. “Таза бейсенбі” тек экологияға қамқорлық көрсетіп, көшелердің тазалығына ғана бағытталған акция емес екенін әлдеқашан дәлелдеді. Бұл бастама тұрмыстық қиындықтармен жалғыз қалған жандарға қолдау көрсетуге бағытталған. Қарт адамдарға қамқорлық жасау – біздің моральдық борышымыз», – деді «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мадина Түлекова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза бейсенбі» әлдеқашан сенбіліктер мен экологиялық бастамалар шеңберінен шығып, жергілікті жерде нақты істер мен диалог форматына айналған.
