Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » ASTANA TECH CUP – 2026: СҚО-ның үш мектеп командасы Түркияда өтетін әлемдік турнирге жолдама алды

ASTANA TECH CUP – 2026: СҚО-ның үш мектеп командасы Түркияда өтетін әлемдік турнирге жолдама алды

February 9, 2026 19:17

7–8 ақпан күндері Астана қаласында өткен ASTANA TECH CUP – 2026 республикалық технологиялық чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысы жоғары нәтижелер көрсетіп, табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды QZ NEWS.

ASTANA TECH CUP – 2026 чемпионатына Қазақстанның барлық өңірлерінен 2500-ге жуық қатысушы – мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Чемпионаттың негізгі мақсаты – жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ оларды робототехника, IT, технологиялар және жаратылыстану ғылымдары саласына тарту.

Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысынан «Білім-Инновация» лицейінің, С. Шаймерденов атындағы классикалық гимназияның және Талшық орта мектебінің үш командасы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша СҚО-ның барлық үш командасы да үздік нәтижелер көрсетіп, Қазақстан атынан Түркияның Анталья қаласында өтетін Fibonacci International Robot Olympiad халықаралық олимпиада-турниріне жолдама жеңіп алды.

Енді жас инженерлер ондаған елден жиналатын ең мықты командалармен бақ сынайтын әлемдік додаға қызу дайындықты бастайды.

Shares