Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда есепте тұрған отбасылар мен жасөспірімдерге бақылау күшейтілуде

Петропавлда есепте тұрған отбасылар мен жасөспірімдерге бақылау күшейтілуде

February 11, 2026 10:43

Петропавл қаласының полицейлері мен құтқарушылары кезекті рейд өткізді. Бұл жолы есепте тұрған отбасылар мен жасөспірімдердің шамамен 30 мекенжайы тексерілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Облыс орталығында 77 отбасы және 45 кәмелетке толмаған жасөспірім есепте тұр. Бұл санатқа ата-аналық міндеттерін орындамайтын, көбіне ішімдікке салынған ата-аналар жатады. Сондай-ақ девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдер – алкоголь қолданатын, үйінен жиі кетіп қалатын немесе арнайы мектепте болғандар да осы тізімге енгізілген. Айта кетейік, өткен жылы 8 бала арнайы ұйымға жіберілген.

«Рейдке шыққан кезде тұрғылықты мекенжайында балалардан жағдайдың қалай екенін сұраймыз. Сондай-ақ ата-анасының алкогольдік масаң күйде екенін бірден байқаймыз», – деді қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Жанат Мустафина.

Қолайсыз отбасыларға қолданылатын ең қатаң шара – ата-ана құқығынан айыру. Өткен жылы мұндай шара Петропавлдағы 24 отбасыға қолданылса, тағы 16 отбасының ата-ана құқықтары шектелген.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұндай отбасылармен өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері 66 өрт тіркелген. Соның салдарынан 7 адам қаза тапты, олардың үшеуі – бала.

«Ең алдымен, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ тұрмыстық құралдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеміз», – деді Петропавл қалалық ТЖ басқармасының аға инженері Нұрлан Баяхметов.

Сонымен қатар балалардың терезеден құлап кету қаупі туралы да айтылуда. 2024 жылы мұндай 3 жағдай тіркелсе, 2025 жылы олардың саны 4-ке жеткен.

Shares