Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Наурызға арналған үздік стикерпак авторлары анықталды

Петропавлда Наурызға арналған үздік стикерпак авторлары анықталды

March 18, 2026 15:22

Петропавл қаласындағы өңірлік IT-хаб — SKO Hub-та «Digital Nauryz 2026» креатоны өз мәресіне жетті. Финалдық кезеңде авторлық бірегей жұмыстардың таныстырылымы өтіп, сарапшылар бағалауы жасалып, ұлттық мерекеге графикалық дизайн тұрғысынан жаңаша көзқарас танытқан жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Байқауға қатысқан жас дизайнерлер мен суретшілерге Наурыздың дәстүрлі нышандарын цифрлық мәдениет эстетикасымен үйлестіре отырып, стикерпактар әзірлеу ұсынылды. Сараптамалық комиссия жұмыстарды бірқатар қатаң талаптар бойынша бағалады: идеяның бірегейлігінен бастап, орындалу сапасы мен топтаманың тұтастығына дейін.
Сарапшылар бағасының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-орын: Наталья Галеева (140 ұпай), Петропавл қ.
2-орын: Ернұр Асылбек (134 ұпай), Петропавл қ.
3-орын: Альмина Юлдашева (127 ұпай), Түркістан қ.
Аталған креатон тек байқау ғана емес, өңірдегі креативті индустрияларды дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар цифрлық өнердің дамуына серпін беріп, жастардың мәдени мұраны заманауи мессенджерлер мен әлеуметтік желілер кеңістігіне енгізуіне мүмкіндік береді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен қатар, хаб серіктестерінен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Shares