Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Үш Гран-при және бес бірінші орын: «Грация» би ансамблі Тараздағы халықаралық байқаудан жеңіспен оралды

Үш Гран-при және бес бірінші орын: «Грация» би ансамблі Тараздағы халықаралық байқаудан жеңіспен оралды

March 26, 2026 20:22

«Грация» би ансамблі Тараз қаласында өткен халықаралық байқауға қатысып, Петропавлға үлкен жеңіспен оралды. Жас өнерпаздар өздерімен бірге мол марапат әкеліп, Солтүстік Қазақстанның хореографиялық өнерінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бірнеше күнге созылған тартысты сайыс қорытындысы бойынша ұжым қоржынына үш Гран-при және бес бірінші орын түсті. Ауқымды шығармашылық додаға ансамбльдің 5 пен 17 жас аралығындағы 33 тәрбиеленушісі қатысты.

Байқауға дайындық қаңтар айында басталып, бірнеше ай бойы қарқынды түрде жүргізілді. Осы уақыт ішінде ұжым сегіз би нөмірін әзірледі. Олардың қатарында «Көбелектер», «Көктем», қазақ биі «Kөркем», «Көңілді ковбойлар», «Қытай биі», «Мысыр», «Ақ түстер» және «Орман нимфалары» бар.
Қазылар алқасының ерекше жоғары бағасына «Көктем», «Көңілді ковбойлар» және «Ақ түстер» қойылымдары ие болып, дәл осы нөмірлер ансамбльге Гран-при жүлдесін алып келді.

«Грация» ұжымының жетекшілері бұл жетістік – балалар мен педагогтердің үлкен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Олар туған қаланың абыройын халықаралық деңгейде лайықты қорғап шықты.

 

Shares