СҚО Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов Петропавл тұрғындарымен кездесу өткізді

Петропавл қаласында СҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Абай Жүсіповтің халықпен есеп беру кездесуі өтті. Ведомство басшысы 2025 жыл бойынша өңірдегі криминогендік жағдайға жан-жақты талдау жасады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде жедел ахуал тұрақты күйінде сақталуда. Соңғы 10 жылда қылмыс деңгейі шамамен 3,5 есеге төмендеген (10 103-тен 2 909 фактіге дейін), оның ішінде өткен бір жылда 13%-ға азайған. Аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 100% деңгейінде сақталып отыр. Ұрлық саны 28%-ға, ал интернет-алаяқтық 13%-ға төмендеген. Бейнебақылау камералары маңызды құралға айналып, олардың көмегімен бір жыл ішінде 887 қылмыс ашылған.
Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Есепті кезеңде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 226 мыңнан астам дерегінің жолын кесті.
Кездесу барысында тұрғындар учаскелік инспекторлардың жұмысы, көшелерді жарықтандыру және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша полковник Жүсіповке тікелей сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.
