СҚО-да Startup Orda инкубациялық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік Startup Orda инкубациялық бағдарламасына өтінім қабылдау ашылды. Алғашқы легі маусым айында Ақтау, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе және Талдықорған қалалары үшін басталады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Бағдарлама дайын жобалары бар авторларға да, әлі идея іздеу кезеңінде жүрген қатысушыларға да арналған.
Қатысушыларды тәжірибелік воркшоптар, сарапшылар және трекерлермен жұмыс, сондай-ақ бизнес-модельдерді дамыту мүмкіндігі күтіп тұр. Сонымен қатар, инноваторларға жабдықталған жұмыс аймақтары мен заманауи коворкинг кеңістіктеріне тегін қолжетімділік беріледі.
2026 жылғы алғашқы легтің үздік стартаптары халықаралық Digital Bridge алаңындағы Startup Alley-де өз жобаларын таныстырып, Astana Hub Battle жартылай финалына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Өтінімдер 25 мамырға дейін қабылданады. Тіркелу сілтемесі ресми сайтта қолжетімді: https://astanahub.com/ru/l/startuporda?utm_source=ig&utm_medium=social&utm_content=link_in_bio�
