Құтқару қоңырауынан ашылған ұрлыққа дейін: СҚО полициясы азаматтарға қалай көмектесті

Таңғы сағат бес шамасында «102» пультіне шұғыл қоңырау түсті. Жүрек ауруымен ауыратын 67 жастағы аудан тұрғыны шок жағдайында жедел қызмет нөмірлерін шатастырып алған, деп хабарлайды QZ NEWS.
СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, шақыртуға полиция қызметкері Марат Молғаждаров барған. Ер адамның жағдайын бағамдаған офицер күтпей-ақ, оны шұғыл түрде ауруханаға өзі жеткізіп, іс жүзінде өмірін сақтап қалды. Сол күні ол қарияның жағдайын біліп, оның тұрақтанғанына көз жеткізді. Зейнеткер полиция қызметкеріне дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
Тағы бір сәтті аяқталған оқиға Қытайдан Аққайың ауданына көшіп келген қандасқа қатысты. Ер адам қоғамдық орында сөмкесін құжаттары мен ақшасымен бірге ұмытып кеткен. Жедел қызметкерлер бірден әрекет етіп, бірнеше сағат ішінде ұрыны анықтады. Ол жергілікті 74 жастағы тұрғын болып шықты. Құқық қорғаушылардың адалдығының арқасында сөмке мен ішіндегі 25 мың теңге иесіне толық күйінде қайтарылып, іс тараптардың татуласуымен аяқталды.
Полиция өкілдері кез келген жағдайда – өмірге қауіп төнгенде де, мүлікке қол сұғылғанда да – уақытылы көмекке жүгінудің маңызды екенін еске салады.
