Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Татардың ұлттық күресі – көрәштен абсолютті батыр атағын қазақстандық Талғат Жиентаев жеңіп алды

Татардың ұлттық күресі – көрәштен абсолютті батыр атағын қазақстандық Талғат Жиентаев жеңіп алды

July 27, 2026 10:21

 

Петропавлда өткен Qyzyljar Sabantuy – 2026 мерекесі аясында татардың ұлттық күресі – көрәштен халықаралық турнир ұйымдастырылды. Солтүстік Қазақстанға бұл жарысқа Татарстаннан және Ресейдің өзге өңірлерінен көрәштің үздік шеберлері, Ресей мен әлем чемпиондары келді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Тартысты әрі шиеленісті белдесулерде Қостанай қаласының өкілі Талғат Жиентаев жоғары шеберлігімен, қайсарлығымен және нағыз жауынгерлік мінезімен көзге түсті.

Финалдық белдесуде Талғат қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Нәтижесінде ол алтын медальді және Татарстан Республикасы Раисы Рустам Миннихановтың атынан табысталған бас жүлде – LADA Granta автокөлігін иеленді.

Қазақстандық спортшының көрәштің ең мықты шеберлерімен белдесіп, жеңіске жетуі Qyzyljar Sabantuy – 2026 мерекесінің ең жарқын оқиғаларының біріне айналды. Талғат Жиентаевты лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Shares