Астананың әуежайында қаруы бар екені туралы қалжыңдаған петропавлдық тұрғынға 86 500 теңге айыппұл салынды

Облыс орталығында әуежайда қаруы бар екенін әзілдеп айтқан 19 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға Астана халықаралық әуежайында болған, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына сілтеме жасап.
Оқиға «Астана – Дубай» бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде болған. Әуе компаниясы қызметкерінің өзімен бірге тасымалдауға тыйым салынған заттардың бар-жоғы туралы стандартты сұрағына қыз әзілдеп, өзінде қару бар екенін айтқан. Жолаушының бұл сөзі қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзған.
Сот қала тұрғынының әрекетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі, яғни «Ұсақ бұзақылық» бойынша саралады. Жаза тағайындау кезінде құқық бұзушылықтың сипаты мен мән-жайы, сондай-ақ жеңілдететін факторлар – қыздың жасы және бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны ескерілді.
Істі қарау қорытындысы бойынша қыз кінәлі деп танылып, оған 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
