Қызықсыз дәрістерсіз, командалық ойын форматында: Шаховское ауылында жоғары сынып оқушыларына буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары түсіндірілді

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Шаховское ауылында 8–11 сынып оқушыларына арналған буллинг пен кибербуллингке қарсы іс-қимыл тақырыбында профилактикалық кездесу өтті, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Құрғақ дәріс форматынан бас тартып, жасөспірімдерді ашық әңгімеге тарту мақсатында ұйымдастырушылар оқушыларға бірнеше интерактивті ойын өткізді. Тақырыптық сайыстарға төрт мектеп командасы қатысып, оларға түрлі күрделі жағдайларды тәжірибе жүзінде талдау міндеті жүктелді.
Сонымен қатар кездесуде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Мамандар жасөспірімдерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, қорлау және интернеттегі заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік бар екенін еске салды. Сондай-ақ буллингке тап болған жағдайда қайда және кімге жүгінуге болатыны жөнінде ақпарат берді.
