Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да мемлекеттік қолдаудың арқасында бөдене фермасы ашылды

СҚО-да мемлекеттік қолдаудың арқасында бөдене фермасы ашылды

Қызылжар ауданы Бескөл ауылында тұратын Сағитовтар жанұясы “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша қарыз алып, шағын бөдене фермасын ашты. Кәсіпті енді қолға алған теріскейліктер екі жылдан кейін инвестиция өз жемісін береді, ферма таза пайда әкеледі деп үміттенеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Шағын ферма үй маңында орналасқан. Оған 1500 бас бөдене сияды. Мұнда арнайы торлар бар. Оларды жергілікті компаниялар Сағитовтардың қалауы бойынша жасаған. Нысан ішінде белгілі бір температура сақталады. Жылыту, желдету жүйесі мен құстарға су беру. Мұнда бәрі автоматты түрде жүзеге асады. Қазір құстар тұрған қорада Техас және Эстон тұқымдас 300-ге жуық қанатты бар. Оларды бірге ұстауға болады.

“Бір бөдене айына 25 жұмыртқа туады. Біздеге құстардың дені – аналық. Оларды торларға бөлгеннен кейін аталықтарды бөліп тастаймыз. Бұл жұмыртқа өндірісіне әсер етпейді. Істі оң жолға қойғаннан кейін тәулігіне 1500-ге дейін жұмыртқа алуды көздеп отырған жайымыз бар. Петропавлдағы ірі супермаркеттермен, жергілікті мейрамханалармен келісімге келдік”, – деді отағасы.

Жұмыртқа өндірісі жоғары болуы үшін бөдене арнайы талап бойынша қоректенуі керек. Осыны жақсы білетін Сағитовтар ресейлік маркадағы мамандандырылған жемді сатып алады. Жобаның жалпы құны шамамен 14 млн теңгені құрайлы. “Ауыл аманаты” бағдарламасы – көпке көмек! Бағдарлама аясында несие 5 жылға 2,5% үстемеақымен рәсімделеді.

Shares