Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО-да рекордтық өнімді сақтау қалай жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді

Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО-да рекордтық өнімді сақтау қалай жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді

December 4, 2025 19:54

Астанада өткен ОКҚ брифингінде Ғауез Нұрмұхамбетов журналистің биыл жиналған рекордтық көлемдегі астық пен майлы дақылдарды сақтауға жеткілікті қойма бар ма деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Биыл СҚО-да 6,5 млн тонна астық және 1,2 млн тонна майлы дақылдар жиналды. Өңір басшысының айтуынша, элеваторлар мен қоймаларды қоса есептегендегі жалпы сақтау қуаттылығы 7 млн тоннаны құрайды.

«Яғни сақтау орындары жеткілікті, қазіргі таңда элеваторлардың жүктемесі 63% деңгейінде. Демек, өнімді сақтау бойынша мәселе жоқ», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Дегенмен әкім сұрып бойынша сақтау мәселесінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін атап өтті. Кеңес заманында, элеваторлардың басым бөлігі салынған кезеңде, астықтың небәрі бірнеше сорты ғана пайдаланылған. Ал бүгінде мемлекеттік қолдау мен қарқынды технологиялардың енгізілуінің арқасында шаруашылықтар 10–20 сортқа дейін қолданады.

«Егер жалпы өнімнің бәрін қойып, оны сорт-сорт бойынша бөлетін болсақ, онда, әрине, сұрыпты сақтау тұрғысынан сыйымдылық жетпей қалуы мүмкін. Сондықтан бүгінде көптеген аудандарда шаруашылық субъектілері өздерінің сақтау орындарын, қоймаларын салып жатыр. Мемлекет қолдауын ескерсек, бұл бағытта мәселе жоқ», — деп түсіндірді өңір басшысы.

Shares