Петропавлда жәрмеңкеде жеңілдетілген бағамен 25 өнім түрі ұсынылады
January 16, 2026 14:11

Сенбі күні, 17 қаңтарда Петропавл қаласында аудандардан келген тауар өндірушілердің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды QZ News.
Жәрмеңкеде қала тұрғындарына әрдайым ауыл шаруашылығы өнімдерінің шамамен 25 түрі ұсынылады. Олардың қатарында сиыр еті, шошқа еті, қой еті, құс еті, сүт өнімдері, картоп, көкөністер, бал және басқа да өнімдер бар. Тауар бағалары нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төмен болады.
Жәрмеңкеге келесі аудандар қатысады:
– «Алтын Арман» базарында: Ақжар, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев аудандары;
– «Қызылжар Ақбастау» базарында: Есіл, Жамбыл, Уәлиханов аудандары;
– «Дария» базарында: Мамлют ауданы.
Жәрмеңке уақыты: 8:30-дан 12:00-ге дейін.
