Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Атырау облысының мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдады

Атырау облысының мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдады

March 4, 2026 19:10

Атырау облысындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны – «Ембімұнайгаз» АҚ еңбек ұжымы Қазақстанның жаңа Конституциясын қолдайтынын білдірді. Бұл туралы ұлттық компания хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» мәліметінше, ғасырлық тарихы бар және Қазақстан мұнай өнеркәсібінің негізін қалаған компанияда шамамен бес мың адам еңбек етеді. Кәсіпорын қызметкерлері мұнай мен газдың тұрақты өндірілуін қамтамасыз етіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және ұлттық экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Еңбек ұжымы жаңа Негізгі заңның қабылдануын ел тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі деп санайды.

«Жаңа Конституцияда білім беру, ғылым және инновациялар стратегиялық бағыттар ретінде айқындалған. Сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауға, табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударылған. Осы қағидаттардың барлығы мемлекеттілікті нығайтуға және отандық мұнай-газ саласының одан әрі дамуына берік негіз қалайды», – деді «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкері Әлібек Ұлжағалиев.

«Ембімұнайгаз» қызметкерлері жаңа Конституцияны толық қолдай отырып, қазақстандықтарды азаматтық жауапкершілік танытып, алдағы референдумда дауыс беруге шақырды.

Shares