Қазақстанда депутаттық әдеп Конституциялық заң деңгейіне көтеріледі
May 8, 2026 11:43

Жаңа заң жобасында депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құру көзделіп отыр. Бұл орган депутаттардың тәртіп бұзушылықтарын қарастырып, оларға қатысты жазалау шараларын әзірлейтін болады, деп хабарлайды QZ NEWS NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Депутат Айдос Сарымның айтуынша, Мәжілістегі этикалық комиссия осы шақырылымда-ақ жұмысын бастап, тиімді институт ретінде қалыптасқан. Сондай-ақ ол кейбір әріптестерінің комиссия отырыстарына қатысқанын да атап өтті.
Кеңестің нақты жұмыс тәртібі жаңа Құрылтай регламентінде жазылады. Қазіргі мәлімет бойынша, оның құрамына әрбір депутаттық фракцияның өкілдері кіреді.
