Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстандық әйелден салмағы 6 келіден асатын ісік алынды

Қазақстандық әйелден салмағы 6 келіден асатын ісік алынды

April 29, 2026 11:53

47 жастағы әйелді ұзақ уақыт бойы ештеңе мазаламаған. Ісік оның пневмониямен ауырып, клиникаға жүгінген кезінде анықталған, деп хабарлайды QZ NEWS «7-арнаға» сілтеме жасап.

Ауруханаға түскен кезде науқас ішінің ұлғайғанын және тәбетінің төмендегенін айтқан. Алдымен дәрігерлер оның құрсақ қуысынан 7 литр сұйықтықты шығарған. Одан кейін бірнеше сағатқа созылған күрделі операция барысында хирургтар тобы диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6200 грамм болатын ісікті алып тастады. Негізгі диагноз – сол жақ аналық бездің муцинозды шекаралық ісігі. Бұл эпителиалды ісік түрі ұзақ уақыт бойы ешбір белгісіз дамуы мүмкін. Қазіргі таңда науқас дәрігерлердің бақылауында, өміріне қауіп жоқ.

Shares