Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қостанайдағы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қауіпсіздік қызметкері бұрынғы әйелін мылтықпен атып өлтірді

Қостанайдағы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қауіпсіздік қызметкері бұрынғы әйелін мылтықпен атып өлтірді

March 19, 2026 14:22

Қостанай қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қауіпсіздік қызметінің қызметкері бұрынғы әйелін аңшылық мылтықпен атып өлтірген. Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті өз еркімен полицияға келіп, кінәсін мойындаған. Сондай-ақ оның жұмыс орны туралы БАҚ-та тараған ақпарат расталды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі ng.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде бұрынғы әйеліне аңшылық мылтықтан оқ атқан. Басынан алған жарақат салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған. Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде мемлекеттік корпорация қызметкерлерін іріктеу мәселесі қызу талқылануда.

– Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. – Күдікті – марқұмның бұрынғы жұбайы, ол өз еркімен келіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан қайтыс болған. Күдіктіге тиесілі тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел- тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Shares